Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Арысты шегіртке басып жатыр

Арыс қаласының тұрғындарын шегіртке мен шіркей әбігерге салуда, деп хабарлады Paryz.kz kazinformға сілтеме арқылы.

Арысты шегіртке басып жатыр
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Арыстағы үй аулалары мен егістік алқаптарын шегіртке басып қалғаны жайында видеолар тарап жатыр. Тіпті, бақшадағы жәндіктердің көптігінен аяқ алып жүру мүмкін емес екенін көруге болады. Ал, диқандар егістік алқаптарындағы өнімдерін қорғап әлек. Бұл үшін от жағып, түтін түтетуде. Залалсыздандыратын дәрілер сатып алып, шашып жатқандар да бар. 

шегіртке

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Арыс қалалық аумақтық инспекциясы ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірде жоспарланған 71 300 гектар алқап толығымен өңделген. Оның ішінде Қожатоғай, Монтайтас ауылдық округіндегі аумақтар бар. 

«Биылғы жылдың ерекшелігі, атап айтқанда, абиотикалық факторларға (температура, ылғалдың мол түсуі жəне т.б.) тікелей байланысты болды. Табиғи шөптің қалың өсуіне байланысты аса қауіпті марокко шегірткесінің дернəсілдері көрінбей қалды. Қазіргі уақытта ауа температурасының ысуына байланысты, шөптер қурап, кей жерлері орылып, шегіртке ұшқан кезде таралуына септігін тигізуде. Бүгінгі таңда басқа аудандардан қосымша техникалар тартылып, жұмыстар тоқтаусыз күндіз-түні атқарылуда. Облыс орталығы мен басқа аудандардан келген мамандар да қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр», - делінген Арыс қалалық аумақтық инспекциясы ұсынған ақпаратта. 

Ал, желідегі жазбаға пікір жазушылардың көпшілігі жұмыстардың сапасыз жүргізіліп жатқанын айтуда. Олардың ішінде «Шегірткеден бұрын шіркей талап жатыр. Шегіртке адамға тиіспейді ғой», «Арыс халқы шыдамды екен, сабыр берсін. Ауылға желмен келген шіркей әйелімді шаққан еді беті ісіп кетті», «Есіл еңбек. Егудің өзі қаншама жұмыс», «Сапасыз дәрі шашылған», «Обал-ай» секілді басқа да жазбалар бар.