Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әйелін ұрған жігіт көмекке келген жәдел жәрдем дәрігерлеріне пышақ ала жүгірді

Астана полициясы жанжалқойды ұстады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Әйелін ұрған жігіт көмекке келген жәдел жәрдем дәрігерлеріне пышақ ала жүгірді
Фото: видеодан скриншот

Оқиға өткен түнде болған.

Отбасылық жанжалдан таяқ жеген әйел жедел жәрдем шақырған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкері келген кезде ер адам мас болған. Ол медицина қызметкерлерін балағаттаған.

Пышақпен қорқытып, бөлмені жауып, фельдшерге жұдырық ала жүгірген.

Медицина қызметкерлері 102 шақырған.

Полиция жасағы ер адамды дереу ұстап, Алматы ауданы полиция басқармасына жеткізді.

Пышақ тәркіленіп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 25 жастағы жанжалқой мас болған.

Оған әкімшілік іс қозғалды. Күдікті уақытша изоляторға қамалды.