Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Павлодарда әскери мектептің оқушылары төбелес шығарды

Павлодар қаласында Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатында төбелес шықты.

Павлодарда әскери мектептің оқушылары төбелес шығарды
Фото: Halyq Uni

Pavlodarnews.kz үш баланың жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Содан кейін оларға медициналық көмек көрсетілген соң, үйлеріне жіберілген.

Осы оқиғаға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Төбелескен адамдарды тергеу басталып кетті.

Жедел жәрдем станциясында да мектепте төбелестің болғаны растады. Төбелес болған күні кешке облыстық балалар ауруханасына 2007 жылы туған екі бала, 2008 жылғы бір оқушы жеткізілген. 

Облыстық білім беру басқармасында білім беру мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылатынын айтты, – делінген хабарламада.

Павлодар облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі өкіл Наталья Покидова төбелеске қатысы бар оқушылармен кездескен. Онда бала тәрбиесі, жатақхана мен тамақтануды ұйымдастыру, студенттердің ішкі тәртібі сөз болған.