Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Бұрынғы жігіті көлікпен қағып өлтірген: Семейде 33 жастағы әйел қаза тапты

Семейде ер адам бұрынғы сүйіктісі 33 жастағы Диана Сүлейменова көлікпен таптап кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бұрынғы жігіті көлікпен қағып өлтірген: Семейде 33 жастағы әйел қаза тапты
фото: әлеуметтік желіден

Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Алған жарақатынан әйел ауруханада көз жұмды. Ол 15 сағат комада жатқан. Алған сараптамалар оның бұрын да зорлық-зомбылыққа ұшырағанын көрсеткен.

«Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген»,- делінген хабарламада.

Ведомство хабарлағандай, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.