Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Жезқазғанда полиция көлігінде бір адам көз жұмды

Жезқазғанда ер адам медициналық тексеруге бара жатқан жолда полиция көлігінде көз жұмды. 
14 мамырда Жезқазғанда полиция көлігінде ер адамның қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Жезқазғанда полиция көлігінде бір адам көз жұмды
фото: Sadaqmedia

Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар күйеуінің мас күйінде тұрмыстық жанжал шығарғаны үшін қала тұрғыны полицияға хабарласқанын хабарлады.

“Оқиға орнына барған учаскелік полиция инспекторлары ер адамды көлікпен медициналық мекемеге тексеру үшін жеткізу кезінде оның жағдайы күрт нашарлап кеткенін анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өліміне алкогольдік кардиомиопатия салдарынан болған жүрек жеткіліксіздігі себеп болды”, – деп түсіндірді полиция бөліміндегілер.

Полиция департаментіне қарасты ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, нәтижесінде полиция қызметкерлерінің әрекетінен заң бұзушылықтар анықталмағанын атап өтті.