Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғаліміне пышақ салды

Павлодардағы №14 орта мектебінің оқушысы өз сыныптасын және мұғалімін пышақпен жарақаттаған. Зардап шеккендер қазіргі күні амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінен хабарлады.

Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғаліміне пышақ салды
Фото: Freepik

- Павлодар қаласының мектеп оқушысы ұсталды. Ол сыныптасына, сондай-ақ мұғалімге пышақ салды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмеді.

Ал Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен әйел адам мен кәмелет жасына жетпеген ер бала қазіргі уақытта жергілікті ауруханаларда ем қабылдап жатқанын жеткізді. Белгілі болғандай, мектеп мұғалімінің иығы мен кеудесі, оқушының арқасы, жауырын бөлігі және иығы жарақатталған.

«Оларды травматолог пен хирург қарап шықты. Жараларын емдеп, асептикалық таңғыштар қойылды. Науқастардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің өміріне қауіп жоқ», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.