Астана қаласында қымбат арақ үшін дүкенде ұрлық жасаған ер адам қолға түсті.
Қалалық полиция департаментінің тәртіп сақшылары Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен бірігіп, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде дүкеннен ішімдік ұрлаған күдіктіні ұстады. Оның арақты қолды қылғанын дүкен иесі полицияға хабарлаған.
Жәбірленушінің арызы бойынша полиция күдіктіні көп ұзамай ұстады.