Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Шымкентте ірі цех өртенді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Азат шағынауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді, деп хабарлады Paryz.kz. 

Шымкентте ірі цех өртенді
Фото: Шымкент қ. ТЖД баспасөз қызметі

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 1248 шаршы метр аудандағы өртті сөндірді. Олар 2500 шаршы метр ғимараттың толық жанып кетуіне жол бермеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.