Көліктің есіктері ашық, кілті орнында болған. Ол үшін көлікті іске қосу қиынға соқпаған.
Нұр-Сұлтанда қаласында 30 жастағы мас адам экскаваторды айдап кеткен. Бұл туралы видео Instagram-дағы kris.p.online парақшасына жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.
Экскаватордың ұрланғанын жүргізушісі полицияға түннің бір уағында хабарлаған. Жалпы, оның өзі ұрланған техниканың кабинасында түнеп жүрген екен.
Оқиға орнына келген полиция көлікті тоқтатып, оны айдап кеткен масты ұстады.
"Көлікті Қарағанды қаласының мас тұрғынының айдап әкеткені анықталды. Ол астанадағы досына келіп, көңіл көтеріп, арақ ішкен. Отырыстан соң сыртқа шыққан ол көшеде экскаватор тұрғанын көреді. Оған көтеріліп, тұтқаны тартқан. Көліктің есіктері ашық, кілті орнында болған. Ол үшін көлікті іске қосу қиынға соқпаған. Содан ол жолға шыққан", - деп атап өтті елордалық ПД баспасөз қызметі.