Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістан облысында шала туған сәбидің денесі табылды

Түркістан облысында белгісіз адам шала туған нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Түркістан облысында шала туған сәбидің денесі табылды
istockphoto.com

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған. 

«Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», - делінген ақпаратта.