Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

CҚО-да әскери қызметтен қашқан екі жігітке іздеу жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында әскерге алынып, бөлімге бара жатқан екі жігіт қашып кеткен. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Paryz.kz. 

CҚО-да әскери қызметтен қашқан екі жігітке іздеу жарияланды
Фото: Kazinform

СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметінше, оқиға 27 сәуірде болған. Қарағанды облысының 85510 әскери бөліміне қызмет өткеру үшін жаңадан шақырылған мерзімді әскери қызметшілер Петропавл қаласының станциясында "Самара-Қарағанды" пойызына отырған.

Сағат 19.39-да екі әскери қызметші вагоннан өз еркімен шығып, белгісіз бағытта қашып кеткен. 
Олар: 18.09.2004 жылы туған Владислав Александрович Коваленко және 21.09.2003 жылы туған Бақтияр Бауыржанұлы Құсайынов.

Әскер

Фото: СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті

«Азамат әскери қызметке шақыру туралы облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті әскери басқару органы бастығының бұйрығы шыққан кезден бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледі. Әскери қызметші қызмет орнына бару және кері қайту кезінде де әскери қызмет міндеттерін атқарады. 

СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының 2024 жылғы 27 сәуірдегі №67 бұйрығына сәйкес бұл азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылып, оларға "қатардағы жауынгер" әскери атағы берілді, 85510 әскери бөліміне әскери қызмет өткеру үшін жіберілді», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 441-бап, 2-тармағы, яғни «Адамдар тобы немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы бөлімді немесе қызмет атқару орнын өз бетінше тастап кету, егер өз бетінше тастап кету бір тәуліктен астам уақытқа созылса, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. 

Қазіргі уақытта әскери қызметшілер іздестіріліп жатыр.