Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Түркістан облысында ер адам отандастарымызға көмектесемін деп опат болды

13 сәуірде Түркістан облысында Атырау облысындағы еріген қардан ауыл-ауыл болып үйлері судың астында қалған халыққа көмекке аттанғалы жатқан Қайырбек Қоспанов есімді азамат ойламаған жерде көз жұмды.

Түркістан облысында ер адам отандастарымызға көмектесемін деп опат болды
Фото: facebook.com/omir.shynybekuly

Ол Howo жүк көлігін вагонға артып жатқанда оқыстан көлік доңғалағы вагоннан тайып кетіп, өз көлігінің астында қалып қойды.  Марқұмның жасы 37-де еді. Оның соңында әйелі мен көздері жәутеңдеп 7 баласы қалды.

Белгілі педагог Өмір Шыныбекұлының айтуынша, қазір елі үшін жанын берген азамат Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Ынталы ауылының тұрғыны болған. Бүгін марқұмның жаназасы шығарылып, жер қойнына тапсырылды.

Жаназа мен басқа да шығындарын ауыл болып көтеріп өткізіпті. Ата-анасы ерте өмірден өткен, өзінің 8 баласы болған. Бірер ай бұрын бір баласы шетінеп, жетеуі қалған. Өзінің басында баспанасы да болмаған. Інісінің үйінде тұрған. Қолында мүгедек інісі болыпты, – дейді ол.

Қазір осы қайғылы оқиғаға байланысты журналист Қайрат Кәрібаев марқұмның отбасына қаржылай көмек жинап жатыр. Оның KASPI GOLD-қа тіркелген телефонының номері - 8 705 150 33 11. Осы номерді терсеңіздер Кайрат К. деп шығады.

«Қайырбектің отбасына» деп жіберсеңіздер болады.

Қайырбек Қоспанов пен зайбының шоттары бұғатталған.