Оқиға Алтынсарин көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
Қостанай қаласында бірнеше көліктің терезесін сындырып, доңғалағын жарып кеткен бұзақыларға іздеу жарияланды, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға Алтынсарин көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
"Қостанай қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғындардан бірнеше автокөліктің бүлінгені туралы өтініш келіп түсті. Аталған факті бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізіп, жәбірленушілерден жауап алды. Қазіргі уақытта осы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға бағытталған бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.