Маңғыстаулық полицейлер көшеде баланың көзінше әйелін ұрып-соққан ер адамды ұстады, деп хабарлады Paryz.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Ер адамның ойын алаңында әйелді ұрып жатқан видеосы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды. Полицейлердің мәліметінше, бұл жағдай 7 сәуірде Маңғыстау ауылында болған.
Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Сондай-ақ полицейлер отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша материал сотқа жолданғанын хабарлады.