Қарағанды облысында ер адам әйелді аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
"Криминальный Казахстан" телеграм арнасында оқыс оқиғаның видеосы жарияланды. Онда ер адам оқушылардың көзінше әйелдің шашынан сүйреп, ұрады.
Дереккөздің мәліметінше, оқиға Ақтас ауылында 5 сәуір күні таңда болған.
Куәгерлердің сөзінше, олар бұрын ерлі-зайыпты болып, ажырасқан.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі атап өткендей, ер адамның жеке басы анықталды. Ол Ақтас ауылдық полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.