Түркістан облысында тәжірибелі криминалист мешіттерден ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Paryz.kz.
Түркістан облысында тәжірибелі криминалист Шыңғыс Сарсеков мешіттерден қайырымдылыққа жиналған қаражатты ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол жақында мешіттерде ақша ұрлаған адамды бейне талдау жүйесін қолдана отырып, күдіктінің жеке басын анықтай алды.
Қылмыскерді іздеген Түркістан облысы ПД ЖКБ аға криминалисі Шыңғыс Сарсековтың айтуынша, күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол кінәсін мойындады.