Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды. Қайғылы жол апаты Мұнайлы ауданындағы «Южный» автожолында 24 наурыз күні болды. Бұл туралы Paryz.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан болды.
«Kia» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Lexus» көлігіне соғылды. Жол апатының салдарынан «Kia» көлігінің екі жолаушысы мерт болды», - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта кісі өліміне әкелген жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.