Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қонаев қаласында жас жігіттер студент қызды ұрып өлтірген

Қонаев қаласында 18 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Қонаев қаласында жас жігіттер студент қызды ұрып өлтірген
Фото: НеМолчи қоры

Полицияның мәліметінше, 21 наурыз күні Алматы қаласының полициясына Алматы облысының аумағында кісі өлтіру туралы хабарлама келіп түсті.

«Бұл ақпаратты біз дереу тексеріп, нәтижесінде 2006 жылы туған қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдікті адамды анықтап, ұстады», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Тергеу барысында күдіктілер 15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетінде орналасқан адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.

«Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде қызды екі адам өлтіргені жасағаны анықталды және олар қамауға алынғанын хабарлаймыз. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», - деп толықтырды облыстың бас полицейі.

Айта кетейік, марқұмның есімі – Жаннұр, ол небәрі 18 жаста болатын, аспазшы мамандығы бойынша колледжде оқып жүрген.

«Туыстарының айтуынша, өліміне күдікті төрт адам – Қонаев қаласының тұрғындары. Олардың жасы – 18-21 аралығында. Жаннұр олардың бірімен жақында, 7 наурыз күні танысқан. Шамамен 14-15 наурыз аралығында аяусыз соққыға жығып, өлтіріп кеткен. Туыстары келтірген тағы бір мәліметте күдіктілер бойжеткеннің телефоны арқылы несие алып, қала сыртына шығарып, сойылмен ұрып-соққаны айтылады. Содан кейін Бақанас бағытына қарай далада қалдырып кеткен. Туыстарына оның мәйіті 21 наурызда табылғаны хабарланды», - деп жазады «Немолчи» қоры.

Туыстарының айтуынша, екеуі ұсталып, екеуі бостандықта жүр.