Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Түркістан облысында күйеуі әйелін пышақтап, артынша өзіне қол салды

Түркістан облысы Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасында орын алған жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Түркістан облысында күйеуі әйелін пышақтап, артынша өзіне қол салды
Фото: otyrar.kz

Күйеуі әйеліне пышақ салмақ болып  ұмтылғанда суық қару мойнына тиген. Кейіннен өзіне бірнеше рет пышақ сұққан деп жазады otyrаr.kz сайты.

Көлікпен Асар шағынауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны «Арлан» арнайы жасағы қуып, әрең тоқтатқан. Жараланғандарды екі жедел жәрдем көлігі алып кетті.

Дәл қазіргі уақытта 1989 жылы туылған ер адам ауруханада ауыр халде жатыр. Оған бас ми суйегінің жабық жарақаты, бас ми шайқалуы, бас төбе бөлімі кесілген жарақаты, іш аймағының ашык енген кесілген жарақаты. Сол жақ сан ортан бөлігі  жарақаты диагнозы қойылған.

Сайрам ауданындағы қанды оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді. Белгілі болғандай, әйел мен ер адам 2021 жылы заңды түрде ажырасқан. Күдікті еркек лудоман болған.

Бүгін 19 наурызда 102 пультіне отбасылық жанжал бойынша қоңырау түскен. Ер адамның қызы мен оның 2021 жылы ажырасып кеткен күйеу баласы жанжалдасып, оқиға кезінде ол пышақпен қызын қорқытып, кепілге алған. Содан Шевролет автокөлігімен Батыс Қытай- Батыс Еуропа трассасына өзінің тұрғылықты жері Қызылорда облысына қарай бағыт алып, өлтіремін деп қорқытып алып кеткен. Күдікті өзін қудаламауды және жауапқа тартпауды талап еткен.

Аталған хабарламаны ала салысымен кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрып, «Арлан» арнайы жасақ күшімен Асар шағын ауданының маңында күдікті құрықталды.  Жәбірленуші босатылды. Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді, деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.

Белгілі болғандай күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған, 3 баласы бар, 2021 жылдан бастап олар ажырасқан. Күдікті бұрын екі рет сотталған. Лудоманиямен ауырады. Күдікті қамауға алынды.