Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Павлодарда оқушылар төбелесті

Павлодарда оқушылар төбелесіп, бір бала жарақат алды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодарда оқушылар төбелесті
Фото: pikabu.ru

Әлеуметтік желіде Қ.Мақпалеев мектебінде бірнеше оқушы арасында төбелес болғаны туралы ақпарат жарияланды.

Облыстық полиция департаменті болған жағдайға түсінік берді.

13 наурызда мектептің жанында 4-сынып оқушылары ойнаған. Содан кейін олардың арасында түсінбестік туып, жанжал шыққан. Бір оқушы басынан жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, – деді полиция қызметкерлері.

Зардап шеккен 11 жастағы баланы кезекші травматолог қараған.

Балаға жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы деген диагноз қойылды. Оған тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқушы оны жоғары сыныптағы балалар ұрғанын айтты, - деді облыстық балалар ауруханасындағы дәрігерлер.

Полиция департаменті мәліметінше, төбелес 13, 12, 11, 10 жастағы балалардын арасын болған. Олардың тәртібі мектептің тәртіптік кеңесінде қаралды.

Барлық ата-ана балаларды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп жазылған хабарламада.