Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шыққан, адамдар эвакуацияланды.
Сағат 08-24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды.