Атырау балабақшасында әйелдер арақ ішкен. Желіде желдей ескен бейнежазба көпшіліктің талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды Paryz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Бұл оқиға 14 ақпан күні №2 «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасында болғаны анықталып отыр. Аталған мекеме Атырау қаласына қарасты Көкнар елдімекенінде орналасқан. Видеодан әйелдердің стакан соғыстырып отырғанын көруге болады.
Аталған іс бойынша қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп, бейнежазбаның былтыр түсірілгенін анықтады. Ал әйелдер педагог емес, еден жуушылар болып шықты.