Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодарда жер үйден ер адамның мәйіті табылды

Павлодарда иесіз қалған жер үй өртеніп, оның ішінде қалған 39 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық ТЖД

Павлодарда жер үйден ер адамның мәйіті табылды
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Бүгін түскі сағат 12:48-де қаладағы №2 өткел мекенжайы бойынша жер үйдің жанып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті. Олар иесіз жер үйдің өртенгенін анықтаған. Өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр, үйдің шатыры ішінара құлаған. Іштен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өлімнің себебі анықталып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Өрт сағат 14:44-те толық сөндірілді. Оқиға орнында 16 маман және 4 техника жұмыс істеді.