Түркістан облысында газ жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Төле би ауданына қарасты Ленгер қаласында болды. Азық-түлік дүкенінде қысқа толқынды пеш қосылғанда газ жарылып, салдарынан ғимараттың қабырғалары құлаған.
Сондай-ақ, екі адамның беті күйіп қалды.
«59 жастағы адамның бетін 10-12 пайызға күйік шалған, ал 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген. Қос тұрғын Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілді», - делінген ТЖД хабарламасында.