Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

«Анасы өлтірген»: Түркістандағы қайғылы жағдайға қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысының тумасы Түркістанда жалдамалы пәтерде өз балаларын өлтірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Анасы өлтірген»: Түркістандағы қайғылы жағдайға қатысты тың дерек шықты
Фото: Flickr

«Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын. Періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды», - деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасында.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда. Істі Түркістан облыстық полиция департаменті тергеп жатыр.