Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Екібастұзда бала кәріз құдығына түсіп кетті

Павлодар қаласында көпбалалы отбасынан шыққан бала қақпағы ашық қалған кәріз құдығына түсіп кетті. Ол құдықта көмек күтіп, бірнеше сағат отырған.

Екібастұзда бала кәріз құдығына түсіп кетті
Фото: khabar.kz

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, кеше түстен кейін шамамен сағат 15:00-де 2-сынып оқушысының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ол шамамен сағат 12:40-та үйден шығып, мектепке бара алмаған. 

Сол кезде мектеп мұғалімі бірден дабыл қағып, іздей бастаған. Сағат 15:20-да Vita ұйымының еріктілері аулаларды тексеріп, камераларды қараған, баланы адамдардан сұрастырған. Сағат 16:00 шамасында еріктілер баланы тапқанын айтты, – делінген хабарламада.

Vita еріктілерінің айтуынша, жеткіншек мектепке барар жолда ашық құдыққа құлап, бірнеше сағат бойы шыға алмай айқайлаған, алайда оны ешкім естімеген. Құдықтың тереңдігі – шамамен 2 метр.  

Бірнеше сағат бойы қарда тізерлеп отырған бала не істеу керектігін білмеген. Телефоны болмаған, себебі отбасы көпбалалы. Ол адамдардың назарын өзіне аударуға тырысып, құдықтан сыртқа рюкзагын лақтырған. Оны сабаққа барған мектеп оқушылары көріп қалып, баланы шығарып алған. Ол тоңып қалған.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, үйден балаға көмек керек деген шақырту түскен. Оның миы шайқалуы мүмкін.