Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда белгісіз біреу бойжеткенге екі рет оқ атқан

Алматыда тапа тал түсте белгісіз біреу бойжеткенді үйінің кіреберісінде атып кеткен. Аталған оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматыда белгісіз біреу бойжеткенге екі рет оқ атқан
Фото: mskagency.ru

Әлеуметтік желіде Алматы аулаларының бірінде түсірілген видео пайда болды. Видео авторы көршісіне тапаншадан оқ атылғаны туралы хабарлайды.

Видео астында жазылған жазбаға сүйенсек, жергілікті кәсіпкер бойжеткеннің интимдік видеоларын жариялаған. Артынша, өткен жылдың қарашасында қыздың арызы бойынша полиция ер адамды ұстаған. Ал бір күн бұрын болған бойжеткенге оқ ату оқиғасы ұсталған ер адамның ұйымдастыруымен жасалғаны айтылады.

Аталған дерекке қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, қылмыстың ізі суымай ашылғанын мәлімдеді. Дегенмен екі оқиғаның байланысы туралы түсініктеме бермеді.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп жауап берді Алматы полициясы.