Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, тонап кеткен ер адамдар ұсталды.
Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.
Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны қылғындырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.
28 қаңтар күні жедел іздестіру кезінде 1978 және 1989 жылы туған Алматының екі тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмысын толығымен мойындаған.
Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындады. Тергеу жүріп жатыр.
Ұсталғандардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.