Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Маңғыстау атом-энергетика комбинатында апат болды

Жағдай ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Paryz "МАЭК"ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау атом-энергетика комбинатында апат болды
фото: МАЭК

"МАЭК" ЖШС жылу энергетика станциясы жедел персоналы 24 қаңтарда турбоагрегат мойынтірегіндегі дірілдің ұлғаюына байланысты №1 энергоблокты түсіріп, мәжбүрлі түрде тоқтатты. Өңірдің энергия тапшылығына байланысты мұнай саласының ірі тұтынушылары шектелді, - дейді компания.

Электр станциясының мамандары ақаудың себебін анықтаған.

Жағдай ерекше бақылауға алынды. Комбинат қызметкерлері жұмысты қалпына келтіру үшін барынша күш жұмсады. Энергия блогын жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды, - дейді ведомство.

27 қаңтарда №1 энергоблок жұмысқа қосылды. Оның жүктемесі 150 МВт. Қазіргі күні Маңғыстау облысының тұтынушылары "МАЭК" ЖШС тарапынан электр және сумен қамтамасыз етіліп жатыр.