Алматы облысында 9-сынып оқушысы 14 жастағы қызды көлікпен қағып кетті. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды.
Жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз алып, көшеге шыққан. Бейнебақылау камерасындағы жазбадан оның көлік тізгініне ие бола алмай, екі қызды қағып өткенін көруге болады. Абырой болғанда жаяу жүргіншілер аман, ауыр жарақат алмаған.
Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, хаттама жіберілді.