Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді (ВИДЕО)

Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан соң үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберген. Бұл туралы atpress.kz хабарлады.

Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді (ВИДЕО)
фото: macrodistrict.club

Оқиға 13 қаңтарда Мақат ауданының Доссор кентінде болған. Ал оның видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Кадрдан куәгерлердің ер адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқанын байқауға болады. Одан кейін оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы да жеткен.

1961 жылы туған азамат Б.-ның денесінің 70%-ын күйік шалған. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жәбірленуші ауыр жағдайда. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Суицидке дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.