Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Павлодар облысында үй өртеніп, 9 жастағы бала көз жұмды

Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылында үй өртеніп, 1 бала қайтыс болды, деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД байланыс тобы.

Павлодар облысында үй өртеніп, 9 жастағы бала көз жұмды
Фото: 1obl.ru

Бүгін Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түнгі сағат 02:58-де түскен.

Ауылда 5 бөлмелі үй өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үйдің шатыры, ондағы заттар мен жиһаз жанып жатқан. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 180 шаршы метр.

Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін учаскелік полицей мен көрші 2013 жылы туған баланы және ер адамды (үй иесінің ағасы) құтқарып үлгерген. Облыстық ТЖД мәліметінше, үйде 6 адам болған. 3 адам (әйелі мен күйеуі, әже) өз күшімен жанып жатқан үйден шыққан.

Өрт сөндіруші үйден 2015 жылғы баланы алып шықты. Өкінішке қарай ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Өрт сөндіруші үйден 2015 жылғы баланы алып шықты. Өкінішке қарай, ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Таңғы сағат 6:25-те өрт толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеуде.