Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ақтауда "джип" мінген жүргізуші адамдарды қағып кетті (ВИДЕО)

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың нақты саны хабарланбады.

Ақтауда "джип" мінген жүргізуші адамдарды қағып кетті (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

30 қаңтарда Ақтаудағы 17 шағын ауданда жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Оқиға туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, жол апаты туралы ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына "Мираж-5" патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аттанған. Мұнда тәртіп сақшылары Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі 17-шағын ауданда жолдан өтпек болған адамдарды қағып кеткенін анықтаған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың нақты саны хабарланбады.

Жол талғамайтын көлікті басқарған ер адамға "Жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіру" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазіргі уақытта көлік айып тұрағына қойылған. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.