Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел мен бала үсіп қалған

Қостанай облысындағы ауыл шетінен әйел мен баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел мен бала үсіп қалған
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұған дейін 68 жастағы әйел мен 11 жастағы қызға іздеу жарияланған болатын. "Наша газета" басылымы мәліметінше, олар 26 желтоқсанда таңертең Степное ауылынан шығып, үйіне оралмаған. Полицейлер мен еріктілер жоғалғандарды бір тәуліктен аса уақыт іздеді. Іздеу жұмыстарына 120-дан аса адам тартылып, кинологтар жұмылдырылған.

27 желтоқсанда полиция Степное ауылы шетінен жоғалғандардың мәйіті табылғаны туралы хабарлады. Tengrinews.kz тілшісіне Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Жоғалған 68 жастағы әйел мен 11 жастағы қызды табу мақсатында жүргізілген іздестіру шаралары барысында олардың тұрғылықты жерінен, ауылда үсіп қалған денесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, нәтижесі кейін белгілі болады", - деді Қостанай облысы ПД іздестіру бөлімінің бастығы.