Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Кентаулықтар әкімдікке басып кіріп, басшылардың жағасына жармасқан

Кентау қаласының тұрғындары әлі тоңып отыр. Шағын шаһарда бір аптадан бері жылу жоқ. Шыдамы таусылған халық қала әкімдігіне басып кіріп, басшылардың жағасына жармасты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кентаулықтар әкімдікке басып кіріп, басшылардың жағасына жармасқан
фото: az

«Кентауда жылда болатын нәрсе осы. Әкімдердің бәрі «жеп», кетіп қалады. Неге тарифті көтеріп жатыр, түсінбеймін. Мұндай жылумен қалай көтереді? Кентауда ЖЭО-лар жылуға дайын емес. Оны кеше әкімнің орынбасары да мойындаған. Екіншіден, балаларды неге онлайн оқытпайды? Бәрі кеше мектептен жаурап, ауырып келді», - дейді ашынған тұрғындар.

Бір апта бұрын Жылу электр орталығында жарық өшіп, төрт қазандық істен шыққан. Артынша шенеуніктер қаладағы жылу мәселесі бірден шешілгенін айтып есеп берді. Алайда тұрғындар әлі күнге тіземіз жылымады дейді. Ол аздай, жылудың бағасы көтеріледі деген ақпарат тараған. Осыған ашулы халық әкімдікке ағылды. Тұрғындардан сескенген шенеуніктер 13-23 желтоқсан аралығында жылу ақысы түбіртекке қосылмайды деп ақталуда. Әкімдік өкілдері апта бұрын жөнделді деген жылу жүйесі алдағы күндері толық қалпына келтіріледі дейді. Қазір жылу орталығындағы кей қазандық жөнделіп жатыр екен.

«Бұл қазіргі температура режимі графикке сәйкес, бүгінгі таңға 34 градус жылынбай болып жатыр. Бірақ ол қазір көтеріліп келеді. Ертең төртінші қазандықты қосамыз. Қосқаннан кейін қала толық жылумен қамтамасыз етіледі», - «Кентау Сервис» ЖЭО директоры Серік Симтиков.