Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Астананың тұрғыны бұрынғы жұмыс орнына екі рет барып, ұрлық жасаған

Астананың тұрғыны бұрынғы жұмыс орнына екі рет барып, ұрлық жасаған.

Астананың тұрғыны бұрынғы жұмыс орнына екі рет барып, ұрлық жасаған
Фото: Halyq Uni

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Алматы ауданының ПБ қызметкерлері бұрынғы жұмыс орнына екі рет ұрлыққа түскен адамды ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу кезінде күдіктінің бұрын Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істегені белгілі болды. Ол ТҚС-қа барып, жұмысшылардың әңгімелесіп тұрған кезін пайдаланып, автокөліктің 4 доңғалағын алып кеткен. Араға бірнеше күн салып, ер адам қылмыс жасаған орнына қайта келіп, тағы да ұрлық жасаған. Бұл жолы ол құны 500 мың теңге тұратын HP ноутбугын ұрлап кеткен.

Барлық ұрланған заттарды кездейсоқ адамдарға сатып жіберген. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 682 мың теңге болды. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.