Қостанайда бір қабатты ғимарат құлады, деп хабарлайды Paryz.kz.
БАҚ-тың хабарлауынша, үйінді астында 7 адам қалды.
Оқиға бүгін сағат 12:36 шамасында Амангелді тұрғын алабында болған.
Облыстық ТЖД мәліметі бойынша бір қабатты ғимарат құлаған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Оқиға орнына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов барған және жедел штаб ашылған.