Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шыңғырған дауыс естілген: Талдықорғанда аға жаттықтырушы 14 жастағы жасөспірімді зорлады деп күдікке ілінді

Талдықорғанда 25 жастағы бапкер 14 жастағы жасөспірімге зорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Paryz.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шыңғырған дауыс естілген: Талдықорғанда аға жаттықтырушы 14 жастағы жасөспірімді зорлады деп күдікке ілінді
Фото: depositphotos.com

Полиция Жетісу облысының жауынгерлік самбодан аға жаттықтырушысы, жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Қадыр Тенбаевты 14 жастағы жасөспірімге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айыппен ұстады.

Жетісу облыстық полициясы:

"Баб бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады .

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті баланың жаттықтырушысы болған. Істің тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.

 Orda.kz Талдықорғандағы "Ай Сер" қонақ үйінде түсірілген видео жариялады. Видеода спорттық костюм киген азамат холдан асықпай түсіп келе жатады. Кадр сыртында сөйлеп тұрған әйел оған қонақ үйдің мейрамханасына өтуді бұйырады. Сосын Әсет деген жігітті көмекке шақырады.

Әйел ер адамға: "Бұл бала туысыңыз емес, не үшін мейрамханаға кірдіңіз?" деп сұрайды. Әйел оқушының ол адамды танымайтынын айтады. Ал ер адам жаттықтырушысы екенін айтады. Сосын әйел 102-ге хабарласып, полиция шақырғанын жеткізеді. 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам оның алдында 14 жастағы жасөспіріммен қонақ үйдің бір номеріне кірген. Еден жуушылар шыңғырған дауысты естіп, қонақ үйдің әкімшісіне хабар берген. Сосын ол полиция шақырған.