Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Полицейге дөрекі сөйлеген ауыл тұрғыны қамауға алынды

Павлодар облысында полиция қызметкеріне дөрекі сөз айтқан ауыл тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Полицейге дөрекі сөйлеген ауыл тұрғыны қамауға алынды
фото: Halyq uni

Полиция қызметкерлерінің мәлметінше, Павлодар облысында 46 жастағы ауыл тұрғынына қатысты тергеу басталған. Ер адам мас күйінде полиция қызметкеріне дөрекі сөз айтқан.

Айта кетсек, Тереңкөл ауданының полициясына дүкеннен «ер адам өз-өзін дұрыс ұстай алмай тұр» деген хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері өздері келгенге дейін ер адамның дүкеннен шығып, жалғыз тұратын әженің үйіне бет алғанын анықтады. Олар бірден зейнеткерге барып, үйіне белгісіз мас адамның кіріп, ұйықтап қалғанын анықтаған.

Учаскелік полиция инспекторы ер адамды ауруханаға куәландыруға апару үшін оятқан. Алайда ауыл тұрғыны өзін агрессивті ұстаған. Зейнеткердің үйінен кетуден бас тартып, полицияға дөрекі сөйлеген. 46 жастағы ер адам ауруханада да ешкімге көнбеген, – делінген Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция дүкенде ұсақ бұзақылық жасағаны және зейнеткердің үйінде билік өкілін қорлағаны үшін ер адамның үстінен ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі және 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотта қаралғанын нақтылады. Сот қаулысымен ауыл тұрғыны 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.