Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Шамалғанда бір топ жасөспірім екі ересек адамды соққыға жыққан

Әлеуметтік желіде Алматы облысы, Шамалған ауылында бір топ жаспірімнің 44, 45 жастағы ер адамды соққыға жыққаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Шамалғанда бір топ жасөспірім екі ересек адамды соққыға жыққан
Фото: polisia.kz

Видеодағы жазбада соққыға жығылғандардың бірі ауыр соққылар алып, ауруханаға жатқызылғаны жазылған.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 25 қараша күні Қарасай ауданының полиция басқармасына 1981 жылғы әйел шағым түсірген. Ол жолдасын белгісіз біреулердің соққыға жыққаны туралы шағымданған.

Аталған деректі аудандық полиция ҚР ҚК-нің 293-бабы екінші бөлігінің 1-тармағы (бұзақылық) бойынша тіркеді.