Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Үш күн бұрын балық аулауға шыққан атыраулық Жайыққа батып кеткен

Атырау қаласының маңындағы елді мекеннің 60 жастағы жастағы тұрғыны 3 күн бұрын  балық аулауға шығып кеткен. Ал бүгін оның денесі Жайық өзенінен шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Үш күн бұрын балық аулауға шыққан атыраулық Жайыққа батып кеткен
балық Фото: uralskweek.kz

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы бұл ақпаратты растады.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, Атырау қаласының маңындағы Ақжар елді мекенінде тұрған 1963 жылғы ер адам 24 қарашада сағат шамамен 17:30 шамасында үйінен балық аулауға шығып кеткен. Бірақ содан кейін одан еш хабар болмаған. Әйелі әлеуметтік желі арқылы күйеуінің із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлап, көмек сұраған.

«Бүгін, 27 қарашада жергілікті уақытпен сағат 10:25-те ер адамның мүрдесі Жайық өзенінің Ақжар ауылы тұсынан табылды», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Алайда ер адамның Жайық өзеніне бату себебі әлі нақтыланған жоқ. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.