Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қостанайда екі әйел қарт әжені соққыға жыққан

«Немолчи» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дина Таңсәрі қостанайлық тұрғынның өтінішін жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Қостанайда екі әйел қарт әжені соққыға жыққан
Фото: azattyg.ruhy

«Кімге жүгіну керегін білмеймін. Кеше екі әйел әжені жалғыз тұратын пәтеріне келіп, ұрып-соққан. Кейін екінші қабаттан түсіріп, көшеде ұра бастаған. Осы жерден өтіп бара жатқан әйел оларды тоқтатып, әжені ауруханаға жеткізіп, жақындарына қоңырау шалды. Бүгін Ол Федоровкадағы ауруханаға жатқызылды. Менің ойымша, іс тез жабылып, ұрып-соққандар жазаланбайды. Мен бұл «әйелдер» лайықты жазаға тартылуы үшін істі жария еткім келеді», - деп жазған жәбірленушінің жақындары.

Дина Таңсәрі атағандай, қор ресми түрде полициядан істі бақылауға алуды сұрады.

Әже жалғыз тұрады. Фотосуретке қарағанда, олар оны қатты ұрған.

«Біз бұл жағдайды кем дегенде ҚР ҚК 106-бабын қарастыруды ұсынып отырмыз», - дейді Дина Таңсәрі.