Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтөбеде бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен

Ақтөбе облысының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жасалды. Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе облысында бірқатар авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Paryz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен

Темір ауданында «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 140-шақырымында құтқарушылардың көмегімен жеңіл автокөлігіндегі жүргізуші Шұбарқұдық елді мекеніне жеткізілді.

Ойыл ауданы Берсиев ауылдық округі Құмжажарған елді мекенінде үйіне оралмаған малшы құтқарушылардың көмегімен Құмжажарғаннан 6-шақырым қашықтықтағы Қуырдақты жерінде аман-есен табылды.

Байғанин ауданында «Байғанин-Жарқамыс тас жолының 18-шақырымында қар құрсауында тұрып қалған «Газель» автокөлігіндегі 2 адам құтқарушылардың көмегімен эвакуацияланды.

Сонымен қатар Әйтеке би ауданы Аққұм ауылынан Жабасақ ауылына «Нива» автокөлігімен жұмыс бабымен шыққан 3 жұмысшы Жабасақ ауылына жетпей, хабарсыз кеткен. Кейіннен жұмысшылар байланысқа шығып, Жабасақ ауылынан аман-есен табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Ақтөбе облысы ТЖ департаменті өз өмірі және жақын адамдарының өміріне қауіп төндірмеу үшін облыс тұрғындарына келесі ережелерді сақтауды ұсынады. Қысқы сапарға шықпас бұрын:

- ауа райы болжамын мұқият оқып шығыңыз;

- қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады;

- «112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған кезде елді мекендерге барудан және шығудан аулақ болыңыз.

- машинаны төтенше жағдайда аман қалуға мүмкіндік беретін қосымша, бірақ өте қажет жүкпен жабдықтау: отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған құйғыш, шай термосы және азық-түлік қоры, жылы киімнің қосалқы жиынтығы;

- Ең бастысы, автомобиль техникалық жарамды күйде болуы керек.