Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 20:17 кезінде Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ «Соме» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 15 қарашада Алматы уақытымен сағат 20: 17-де 31 сек. Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.9, - делінген ресми хабарламада.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9, тереңдігі 5 шақырымды құрады. Текелі қаласында 2 балдық жер сілкінісі сезілді. Әзірге қираулар мен зардап шеккендер туралы хабарламалар түскен жоқ.