Шақыртылған полиция қызметкерлері оны денені бөлшектеп, сөмкеге салып қойған жерінен ұстаған.
Әлеуметтік желіде Махамбет ауданы Таңдай селосында жазда өз нағашысын өлтіріп, денесін үйінің сарайында ұстаған мұғалім туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлады paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Таралып жатқан ақпаратқа сенсек, әйелдің үстінен, ауласы мен үйінен қолқаны қабатын иіс шығып, күмән тудырған.
Шақыртылған полиция қызметкерлері оны денені бөлшектеп, сөмкеге салып қойған жерінен ұстаған. Полиция департаменті ол туралы қысқаша мәлімет айтты.
"Махамбет ауданы Таңдай селосында 82 жастағы ер-азаматтың денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүруде", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Ал әлеуметтік желідегі ақпаратқа қатысты ештеңе айтылмады.