Атырау қаласында жеңіл көлік аударылды. Жол-көлік оқиғасынан көліктің салонында болған жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 9 қарашада болғаны тіркелген.
«Жергілікті уақытпен сағат 00:24 шамасында С.Бейбарыс және Әбілқайырхан даңғылының қиылысында Hyundai Accent автокөлігі аударылды. Жол-көлік оқиғасына ұшыраған көліктің рөлінде 2003 жылғы жүргізуші болғаны анықталды. Ал, жол апатының салдарынан 2002 жылғы жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушы оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүріп жатыр. Қажетті құжаттарды жинау қолға алынды.