Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақмола облысында ұлы әкесін пышақтап кеткен

Ақмола облысында ұлы әкесін пышақтап кеткен, деп хабарлады Paryz.kz. 

Ақмола облысында ұлы әкесін пышақтап кеткен
фото: Halyq uni

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел медициналық жәрдем станциясы диспетчерінен қабылдау бөлімшесіне Көкшетау қаласының тұрғыны пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы түскен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің уақытша жұмыс істемейтін 21 жастағы ұлы болып шықты. Оның денсаулығына байланысты бұрын психиатриялық есепте болғаны белгілі болды.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген полиция хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды.