Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Балқашқа ау құрғандар ұсақ балықты ысыраптап, далаға тастаған (ВИДЕО)

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері браконьерлердің Балқаштан 119 келі балық алуға тырысқанын айтты.

Балқашқа ау құрғандар ұсақ балықты ысыраптап, далаға тастаған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Балқаштағы өлі балықтардың видеосы қазақстандықтардың наразылығын тудырды, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері браконьерлердің Балқаштан 119 келі балық алуға тырысқанын айтты.

"Біздің "ержүрек" балықшыларымыз балық аулайды, кеше олар ауларды тексерді. Көксеркелерді алып, табандарды былай лақтырып тастаған... Ал біз қашан қармаққа түсіреміз деп, табанның өскенін күтіп жүрміз ғой. Ол бұлай ешқашан өспейді. Біздің балық инспекциямыз қайда?",- дейді видео авторы.

Бұл жайтқа қатысты Экология министрлігі баспасөз қызметінің өкілдері жауап берді.

"Балқаш көлінде жедел рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Балқаш ауданының Құйған ауылы мен Алматы облысы Талғар қаласының екі тұрғынын - Nissan және Волга 3110 маркалы көлік жүргізушілерін ұстады", - деп мәлімдеді ведомство.

Бұл ретте балық ресурстарына алдын ала келтірілген шығын 225 мың теңге болған. Ал ауланған балық сот шешімі шыққанға дейін сақтауға тапсырылды.