Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған студент іздестірілуде

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студент қызға іздеу жарияланды деп хабарлайды paryz.kz. 

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған студент іздестірілуде
Фото: Ақмола облысы полиция департаменті

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 2-де сағат 21:06 шамасында Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, жиені Диана Ерланқызы Ыбраеваны (05.04.2005 жылғы) іздеп табуға көмек сұраған.

Әйелдің сөзінше, жиені жергілікті колледждердің бірінде оқиды. Сол күні сағат 14:00 шамасында құрбыларымен серуендеуге кетіп, қайтып оралмаған.

Жоғалған адамның бойы 170-175 см шамасында, дене бітімі орташа, шашы қара түсті. Үстіне ақшылыт түсті куртка, сұр көйлек, қоншысы биік етік киген.

- Барлық полиция бөлімшелеріне қыздың белгілерімен бағдарлау жолданды. Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыздың орналасқан жері Астана қаласында болуы мүмкін. Іздестіру шараларына еріктілерде қосылды, - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет болса, дереу 8 (716-2) 25-78-05, 8-707-119-87-19 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.