Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан шетел азаматтары көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан шетелдік азаматтар көз жұмды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан шетел азаматтары көз жұмды
фото: po

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Самара – Шымкент автожолының 606-шақырымында Kia Rio автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы Батыс Қазақстан облысы жағынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына қарай келе жатқан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматының басқаруындағы Chevrolet Captiva автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 2 жүргізуші және Chevrolet Captiva жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ екі көліктің 2 жолаушысы әртүрлі жарақаттармен Қобда аудандық ауруханасына жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – делінген хабарламада.